Павлодар облысында майданда қаза тапқан жауынгердің туыстары іздестірілуде
Ленинградты қорғау кезінде қаза тапқан тағы бір жауынгердің туыстарына іздеу салынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Морев Дмитрий Иванович 448-шабуыл авиациялық полкі, 481-шабуыл авиациялық дивизиясының кіші сержанты, әуе атқышы. 1922 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. Первомайский аудандық әскери комитетінен шақырылған. Әкесі – Морев Иван Павлович.
– Жыл сайын әртүрлі елдерден келген әріптестеріміз жүгінеді. Ресей Федерациясының Ленинград облысында Ұлы Отан соғысы жылдарында жоғалып кеткен жерлесіміз жайлы тағы бір жаңалық бар, – деді «Майдан жолы» Павлодар іздестіру зерттеу жасағының командирі Александр Шитов.
Зерттеу жасағында майдангердің туыстарын іздеуді ұйымдастыруға көмек көрсетуді сұрайды.
Қазақстан аумағында тұратын туыстарымен барлық мәселелер бойынша +7 777-461-73-78 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.