Екібастұзда көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті

Екібастұзда көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті
Фото:pixabay.com

Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты тұрғындарды жалғызбасты анаға көмек көрсетуге шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

23 қаңтарда сағат 12:21 Шиқылдақ ауылында Бейбітшілік көшесінде тұрған бір қабатты жер үйден өрт шықты. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шаршы метр аумағында үй заттары жанып кеткен. Оқиға орнына келген ТЖД жеке құрамның сегіз адамы және екі техникасы жұмылдырылып, өрт сағат 13:05-те толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

– Төрт балалы жалғызбасты ананың үйі жанып кетті. Барлық адамдар аман-есен, денсаулықтарына ешқандай қауіп жоқ. Жанұя аяқ асты баспанасыз қалды. Егер де жанашыр жандар көмек қолын созамыз десе, +7 (776) 469-76-81 ( анасы – Айгүл Шакек) нөмірі бойынша хабарласуларға болады. Халық банк картасы осы нөмірге тіркелген, – деді Қоянды ауылдық округі әкімінің аппаратында.

Дәл осындай жағдай Май ауданының Қаратерек ауылында орын алды. Ауылдың бас имамы Азаматтың үйі өртеніп, қыс ішінде төрт баласымен далада қалды. Оған облыс бойынша «Зекет және қайырымдылық қоры» қаржылай көмек беруге ниетті.