Павлодар облысында мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан оқиды
Өңірде ауа райының қолайсыздығы күтілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, көктайғаққа байланысты 11 ақпанда бірінші және екінші ауысымдағы 1–11-сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі.
Сондай-ақ, колледждердің 1–2-курс студенттері де онлайн оқуға ауыстырылады.