Павлодар облысында наурыз мерекелерінде ХҚКО қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда 8-10 наурыз бен 21-25 наурыз аралығы демалыс күндері болып жарияланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялады.
Сенбі мен жексенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді.
10 наурыз, яғни дүйсенбі кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып, 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін 21, 22, 23, 24 наурыз демалыс күндері болып саналады. 25 наурыз, яғни сейсенбі күні – кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл орталықтар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
Еске салайық, 8-10 наурыз бен 21-25 наурыз аралығы Қазақстанда демалыс күндері болып жарияланған.
Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың актуалды тізімін мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.