Павлодар облысында тас жолдардың бірі жабылды
Көлік қозғалысына шектеу 2 желтоқсанға дейін енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сағат 19:00-де «Қызылорда-Павлодар» республикалық автожолы Қарағанды облысының шекарасындағы Шідерті ауылының маңындағы 1335-1206 шақырым аралығындағы учаскеде жабылды.
Шектеу жеңіл және жүк көліктеріне қатысты.
Жолды 2 желтоқсан күні сағат 08:00 ашу жоспарлануда.