Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райы қолайсыз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қазан күні сағат 22:00-ден бастап «Атамекен – Ертіс – Русская Поляна» тас жолының 0-152 шақырымында (Атамекен ауылынан Ертіс ауылына дейінгі аралықта) барлық көлік түрлерінің қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Жол қозғалысына қатысты өзекті ақпаратты www.qaj.kz сайтындағы «Ақпараттық картадан» көруге болады.