Павлодар облысында туризм саласы жемқорлыққа тексеріледі

Павлодар облысында туризм саласы жемқорлыққа тексеріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туризм саласы бағыты бойынша дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

Талдау шеңберінде саладағы әкімшілік кедергілерді және олармен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерделеу жоспарлануда.

Сондай-ақ, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанашыр азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін осы іс-шараға қатысуға шақырады.

– Егер сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе туризм саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды kozhabergenov.b@antikor.gov.kz электрондық поштасына немесе 8707 997 90 79 нөмірі бойынша жіберуге болады.Не болмаса «Antikor Ortalygy» фронт-офисі мекенжайына келіп хабарлай аласыздар,– делінген хабарламада. 

Талдауды департамент қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.