Павлодарда көшеде жүрген түйенің иесі іздестірілуде
Қос өркешті жануар Торайғыров көшесінде жолдың қақ ортасында жүргені түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде түйенің иесі анықталып жатқанын хабарлады.
– Иесі белгілі болғаннан кейін жануарларды ұстау ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Сол жерге ветеринарлық қызметтің қызметкерлері шақырылды, – дейді департаментте.
Еске сала кетейік, өткен маусым айында облыс орталығында көшелердің бірінде жолдың қозғалыс бөлігінде екі өркешті жануардың жүрген сәті бейежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде таралды. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Оған 10 АЕК көлемінде – 36 920 теңге айыппұл салынды.
Видео: tipavlo.dar
Посмотреть эту публикацию в Instagram