Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан сенсация жасады
Талдықорғанда ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды @Kazinform.kz.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етті. Бәсекеге 17 өңірден 212 спортшы (136 ер адам, 76 әйел адам) жиналды. Павлодар, Маңғыстау және Атырау облыстарының спортшылары жоқ. Бүгін ашылу салтанаты өтіп, алғашқы медальдар сарапқа салынды.
«6-15 желтоқсан аралығында Қазақстанның ерлер мен әйелдер ұлттық құрамалары Бахрейнде өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысады. ӘЧ-на баратын кейбір қатысушылары Талдықорғанда өнер көрсетеді. Ел біріншілігінен кейін команда Бахрейнге оқу-жаттығу жиынына барады. Бұл жергілікті климатқа, тағамға және т. б. бейімделу үшін қажет. Талдықорған чемпионатының қорытындысы бойынша құраманың жаттықтырушылар штабы алдағы маусымға, яғни келесі жылға мықты балалар мен қыздарды іріктеуді жоспарлап отыр», - деді ҚР Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті Гаджи Гаджиев.
Ерлер мен әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты 19 қарашада аяқталады.