Павлодар облысының оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?

Павлодар облысының оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқушылардың бос уақыты түрлі шаралармен қамтылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, мектеп оқушылары үшін көктемгі каникул он күнді құрайды. Наурыздың 21-інен 31-не дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Мектепішілік іс-шаралар жоспарына сынып сағаттары, домбыра-пати фестивалі, ата-аналар жиналыстары, экологиялық сенбіліктер, қолөнер туындыларын әзірелу бойынша байқаулар кіреді.