Павлодар облысында жаңа әкімдер сайланады

Павлодар облысында жаңа әкімдер сайланады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сайлау бірнеше ауылдық округте өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы, Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл және Тереңкөл ауданы аймақтық сайлау комиссияларының мәліметінше, сайлау 28 шілде күніне белгіленген.

Бұл күні Мойылды ауылы, Аққулы ауданының Қызылағаш ауылдық округі, Ақтоғай ауданының Ақжол ауылдық округі, Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылдық округі, Тереңкөл ауданының Алтай ауылдық округінің тұрғындары өз таңдауларын жасайды.