Павлодарлықтар өз өтініштерін әкімдіктің WhatsApp желісіне жібере алады

Павлодарлықтар өз өтініштерін әкімдіктің WhatsApp желісіне жібере алады

Облыс әкімі аппаратында WhatsApp желісі жұмыс  істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

– Өзіңізді толғандырған мәселелер бойынша өтініштер мен ұсыныстарды 87021661661 нөмірі бойынша жібере аласыз, –  деп жазылған  Павлодар облысы әкімдігінің хабарламасында. 

Сондай-ақ Павлодар қаласындағы Ак. Сәтбаев көшесі, 49 мекенжайындағы Open akimat фронт-офисінде жазбаша қалдыруға болады.