Павлодарлықтар ЖСН арқылы учаске нөмірі мен кандидаттар тізімін біле алады

Павлодарлықтар ЖСН арқылы учаске нөмірі мен кандидаттар тізімін біле алады
Фото: interfax.ru

Барлық ақпаратты  @PVLSailau_bot Телеграм чат-боты арқылы білуге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, енді сайлаушы ЖСН арқылы дауыс беру орны туралы ғана емес, тұрғылықты мекенжайға қатысты округтердің нөмірлері мен Мәжіліске, облысқа және қалалық аудандық мәслихатқа кандидаттардың тізімдері туралы ақпарат ала алады.

Естеріңізге салайық, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына екі апта  уақыт қалды. Жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тізімін пысықтап, дауыс беру күніне дайындық қызуда.