Екі азаматтығы туралы хабарламаған ресейлікке Железин соты айыппұл тағайындады

Екі азаматтығы туралы хабарламаған ресейлікке Железин соты айыппұл тағайындады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол шекарадан өткен кезде шетел азаматтығын алғанын құжаттарымен растамаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аудандық сот «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңнаманы бұзғаны үшін Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК 496-б. 2-б.).

Сот азамат К.-нің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде «Үрлітөбе» шекаралық бақылау бекетінен өткенде ҚР құзыретті органдарына шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағанын және қажетті құжаттарды ұсынбағанын анықтады.

– ҚР заңнамасына сәйкес, егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алса, ол автоматты түрде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылады. Сондай-ақ, Қазақстан азаматы өзге азаматтықты алған күннен бастап 30 күн ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына немесе шетелдегі ҚР мекемелеріне хабарлап, паспорт пен жеке куәлігін тапсыруға міндетті, – деп ескертті соттың баспасөз қызметінде.

Сот отырысында К. құқық бұзушылықты толық мойындады. Ол Қазақстанға зейнетақы жинақтарын алуға келгенін, кейін Қазақстан азаматтығын растайтын құжаттарды Ресейдің Омбы қаласындағы елшілігіне тапсыруды жоспарлағанын айтты. Сондай-ақ Қазақстанда Семей қаласында қарт жастағы апайы тұратынын айтып, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сот істің мән-жайын, оның жеке басын және Қазақстанда туысының барын ескере отырып, К.-ны ӘҚБтК 496-б. 2-бабы бойынша кінәлі деп таныды және 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Айыппұл 30% жеңілдікпен 275 240 теңге болып белгіленді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.