Павлодар облысында МХҚО-лар күшейтілген жұмыс режиміне ауысады
2023 жылдың 1 шілдесінде елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді қабылдау аяқталады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
– Осыған байланысты азаматтарға қызмет алу қолайлы болу үшін автокөлікті заңдастыруға болатын еліміздің мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне ауысады, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Асылбек Сапарбекұлы.
Азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (құжаттарды беру - 20:30-ға дейін), сенбі күні 9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру-19:30-ға дейін) қабылдайды.
Айта кетейік, бұл жұмыс кестесі автокөліктерді заңдастыруға ғана қатысты. Жүргізуші куәлігі әдеттегі кесте бойынша беріледі.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтінімдер талаптарға сәйкес қаралатын болады.