Павлодар облысында жылыту маусымы сапалы түрде өтеді

Павлодар облысында жылыту маусымы сапалы түрде өтеді
Фото Константин Шелков

Аймақтағы үш қаланы станциялар температурасы 75 градус болатын жылумен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.

- Жылыту маусымы үш қалада да 1 қазанда басталды. Жалпы аудандарды алған кезде шағын мәселелер туындады. Ол қатарда уақытында қосылумен және гидравликалық сынақ режимін қысқы мерзімге қосумен байланысты болды. Сонымен қатар, жылыту маумысының кейбір үйлерге кеш берілуіне көп қабатты үйлердің дайындық деңгейінің болмауы себеп болды, - деді Асайын Байханов.

Аймақ басшысының айтуынша, тұрғын үйлердің уақытында жылуға қосылмауына үш қаладағы тұрғын үйлердің ПИК немесе ҚС қызметіне қосылмауы себеп. 

- Мәселен, ПИК немес ҚС-қа қарамайтын 182 көп қабатты тұрғын үй Екібастұзда болса, Павлодар қаласында 200-ден жоғары және Ақсу қаласында 40-қа жуық үй болды. Осы үйлерді қысқы маусымға кәсіпорындармен бірлескен тәртіпте дайындадық. Дәл осы үйлерге жылу ең соңғы болып берілді, - деді ол. 

Асайын Байханов өткен қыстың азабын тартқан кеншілер шаһарына жылу биыл сапалы түрде берілетініне сендірді. 

- Екібастұзда жылыту маусымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні Екібастұздағы жылыту станциясы 75 градус жылу беріп тұр. Дәл осы градуспен облыстағы өзге екі қала да қамтылып отыр. Біз монополистермен бірлесіп кестені алдын ала бекітеміз. Мұндағы жылудың температурасы сыртқы ауа райына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда Екібастұзда ешқандай мәселе жоқ. Менің ойымша жылыту маусымы сапалы түрде өтеді, - деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, Екібастұзда 70 шақырымнан астам жылу желілері жөнделіп, ондағы ЖЭО-дағы10 қазандық агрегаттың 6-на күрделі жөндеу және 2-не жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр және жылудың қажетті параметрлерін беруде.