Екібастұзда сауда үйінде ер адам көз жұмды
68 жастағы тұрғын жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, «Сказка» сауда үйіне өтіп бара жатқан адамнан сағат 13.41-де шақырту түскен. Медициналық топқа жеделдіктің бірінші санаты бойынша шақырту беріліп, бригада оқиға орнына 10 минутта жеткен. Бұл 103 қызметі пайдаланатын навигациялық жүйенің деректерімен расталады.
– Бригада келген кезде сауда орталығының ішіндегі ер адамда тіршілік белгілері байқалмаған. Дәл сол сәтте оған ешкім көмектесіп жатпады. Кардиограмма асистола және жүрек соғысының тоқтағанын көрсетті. Ер адам ес-түссіз күйде жатты, ұйқы артериясында пульсация болмады және тыныс алуы тоқтаған еді, – деді станцияда.
Бригада дереу реанимациялық шараларды бастап, қолдарынан келгеннің бәрін жасаған, дегенмен ер адамның демі үзіліп кеткен.