Павлодар облысында күштік құрылым мамандары лагерьдегі балаларға тосынсый жасады
Полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Шағала» лагерінде қауіпсіз жаз ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шарбақты ауданының полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп, «Шағала» жазғы сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалар үшін ерекше қауіпсіздік күнін өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – балаларды жазғы демалыс кезінде жолда, қоғамдық орындарда және демалыс аймақтарында өзін дұрыс ұстау ережелеріне қолжетімді әрі ойын түрінде үйрету.
Іс-шараның ең қызықты бөлігі тәжірибелік бөлім болды. Құтқарушылар балаларға кәсіби жабдықтарын көрсетіп, төтенше жағдайда өрт сөндіргіштің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Одан кейін полиция қызметкерлері алған білімді бекіту мақсатында танымдық әрі қимылды ойындар ұйымдастырды.
Төтеншелікер балалардың есінде ұзақ сақталатын әсерлі сәттің себепкері болды. Яғни, мамандар өрт сөндіруе арналған техникадан су шашып, балаларға ерекше әсер сыйлады. Бұл – лагерь басшылығының келісімімен іске асты.
Мамандар су тамшыларының әсерінен шыққан балалардың шынайы күлкісі мен қуанышы маңызды сабақты нағыз мерекеге айналдырды.
– Жазғы демалыс тек қызықты ғана емес, қауіпсіз де болуы тиіс. Біздің ортақ міндетіміз – балалардың бойына дұрыс мінез-құлықтың негізін қалыптастыру. Бала төтенше жағдайларда неғұрлым дұрыс әрекет етуді білсе, шынайы өмірде соғұрлым қауіпсіз болады, – дейді Шарбақты ауданының ювеналдық полиция тобының инспекторы Мирамгүл Тоқпаева.
Ал лагерьдегі демалушылардың бірі – Арман осы сәтті ұзақ уақыт есінде сақтайтынын айтты.
– Бұл лагерьдегі ең керемет күн болды. Бізге жай ғана дәріс оқып қойған жоқ, нағыз рацияны ұстап көруге және ауыр құтқару құралдарын қарауға мүмкіндік берді. Ал өрт сөндіру көлігінен су шашқанда, қуаныштан айқайлап жібердік. Енді мен жолдан қалай дұрыс өту керектігін және өрт шықса не істеу қажет екенін нақты білемін, – дейді Арман.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар балаларға белсенді әрі қауіпсіз демалыс тіледі.
Айта етелік, облыс аумағындағы және қала сыртындағы лагерьлерде осындай интерактивті профилактикалық іс-шаралар жаз бойы жалғасатын болады.