Павлодар облысының малшылары мен сауыншылары марапатталды

Астанада Мал шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында мал шаруашылығы саласының үздік қызметкерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрі – Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші мамандары, салалық қауымдастықтардың өкілдері, шаруашылық басшылары мен еліміздің барлық өңірлерінен келген өндіріс озаттары қатысты. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сала қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Отандық мал шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан сала қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды. Павлодар облысынан «Еңбек ардагері» медалі мемлекеттік наградасымен – Ақтоғай ауданының «Жалғас» ФҚ жылқышысы А. Шәріпов және Павлодар қаласындағы «Конвишер» ШҚ малшысы М. Привалов марапатталды, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі ведомстволық наградасымен – Успен ауданының «Галицкое Агро» ЖШС сауыншысы Т. Талызина, Шарбақты ауданының «Победа» ЖШС техник ұрықтандырушысы А. Банщикова, Баянауыл ауданының «Жанақби» ШҚ малшысы Т. Есмағанбетов марапатталды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хаты – Май ауданының «Ақтай» ШҚ шопаны М.Есмикановқа, Шарбақты ауданының «Победа» ЖШС сауыншысы Л. Головенкоға табыс етілді.
Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы – Баянауыл ауданының «Жантөре» ШҚ шопаны Е. Рахымбердіге, Успен ауданының «Галицкое» ЖШС зоотехнигі В. Симоненко және басқаларына табыс етілді.