Павлодар облысында қараусыз жылқылардың кесірінен жол апаты болды

Павлодар облысында қараусыз жылқылардың кесірінен жол апаты болды
Фото: Павлодар облыстық ПД

Жылқының қожайыны автокөлік иесіне материалдық шығынды өтейді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше,  8 қыркүйек күні сағат 00.40-та Атамекен - Курчатов республикалық маңызы бар автожолда қараусыз  жайылып жүрген жылқылар жол-көлік оқиғасына себеп болды. Салдарынан көлік жүргізушісіне моральдік және материалдық залал келтірілді. 

–  Тәртіп сақшылары жылқының иесін анықтады, ол Баскөл ауылының 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Ауыл тұрғыны мал жаю ережелерін бұзды. Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, –  деп хабарлады Май ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Жұмабаев. 

Бұдан бөлек, жылқының қожайыны автокөлік иесіне материалдық шығын төлейтін болады. 

Айта кету керек, тек Май ауданы бойынша жыл басынан бері қараусыз  жайылып жүрген малдың 80-нен астам иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.