Павлодар облысында заңсыз пайдаланған жерлер анықталды
Мемлекет меншігіне 200 гектардан асатын жер учаскелері қайтарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақтоғай ауданының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғау және жер ресурстарын заңды әрі тиімді пайдалану бағытында жүргізілген жұмыс барысында жер заңнамасының бұзылуын анықтады. Талдау нәтижесінде «Жаңабет» шаруа қожалығына тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы мақсатты түрде пайдаланылмағаны белгілі болды.
Аудан прокуратурасының ұсынысына сәйкес, жер ресурстарын басқару департаменті пайдаланылмаған жерлерді мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арызды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жолдады.
Сот шешімімен шаруашылық айналымына енгізілмеген жалпы аумағы 200 гектардан асатын жер учаскелері жалға алу шарттарының бұзылуына байланысты мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Әкімдік қаулысына сәйкес, бағалау құны 101 миллион теңгеден асатын жер телімдері мемлекет меншігіне ресімделді.