Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден құлаған әйел көз жұмды

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден құлаған әйел көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жазатайым оқиға түнде орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

24 тамызда сағат 22:06-да облыстық жедел жәрдем станциясына Назарбаев даңғылында тұрған көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен адам құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Мекенжайға келген дәрігерлер шамамен 30-35 жастағы әйелдің жан тапсырғанын тіркеді. Ол биіктен құлау салдарынан өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алған.