Чхусок пен k-pop: Павлодар облысында кәріс мәдениеті қалай дамуда?

Чхусок пен k-pop: Павлодар облысында кәріс мәдениеті қалай дамуда?

«Somang» облыстық корейлер қауымдастығы 2021 жылы құрылды. @Pavlodarnews.kz тілшісі қоғамдық бірлестіктің тарихын зерттеп, бүгінгі даму сатысы жайлы сұрастырып көрді. 

Тарих жылдарында

Корей этномәдени бірлестігінің тарихы 1990 жылдың 26 мамырында бастау алған. Ол кезде Кеңес корейлерінің Бүкілодақтық қауымдастығы Павлодар облыстық ұйымының құрылтай конференциясы өткен.  1995 жылы Алматы қаласында Қазақстан корейлерінің қауымдастығы құрылды. Оның құрамына облыстық корей филиалдары енген. Мәдени орталықтың төрағасы болып Аделаида Пак сайланды. Алайда Павлодар облысында Қазақстан корейлерінің қауымдастығы өз жұмысын тоқтатқаннан кейін, 2021 жылдың маусым айында «Somang» Павлодар облысының корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылып, Людмила Пак басшысы болып тағайындалды.  Облыс бойынша корей диаспорасының бірнеше этномәдени бірлестіктері бар. Атап айтқанда, Екібастұз қаласында «Чосон» корей мәдени орталығы, Успен және Павлодар аудандарында құрылымдық бөлімшелері ашылды. Корейлер қауымдастығының құрылымында Аналар кеңесі, «Ноиндан» ақсақалдар кеңесі, Қазақстан корейлерінің жастар қозғалысы жұмыс істейді.

– Бүгінде қоғамдық бірлестікте 90-нан астам мүше тіркелген. Қауымдастықтың мүшесі этникалық корейлер қатарына жатпайтын, Қазақстан елінің кез  келген азаматы бола алатынын атап өткім келеді, – дейді Людмила Пак. – Корей қауымдастығының ең үлкен мүшесі – 95 жаста, ал ең кішісі – 18-де. Алайда мектеп оқушылары да келіп тұрады. 

Оның сөзінше, 2021 қауымдастықты жаңадан тіркеген кезде 11 адамнан тұратын бастамашыл топ болған. 

Шығармашылық өмір 

«Somang» облыстық корейлер қауымдастығының құрамына бірнеше шығармашылық академия кіреді. Академияда «Самульнори» ұлттық корей барабандары ансамблі, вокальный ансамбль «Кымпитсори» вокал ансамблі, «Аннён» мен «Мугунхва» би ансамбльдері, К-рор «Xplosion» мен «Koomiho» топтар бар. 

Жыл сайын қоғамдық бірлестік этнофестиваль ұйымдастырып отырады. Оған барлық шығармашылық топтар қатысып, өз өнерлерін көрсетеді. 

– Біз Корей ұлттық мерекесіне арналған дәстүрлі іс-шараларды тойлап жатамыз.  Мысалы, Сольналь (Жаңа жыл), Чхусок (егін жинау мерекесі) және тағы да басқа мерекелер. Солналь мерекесінде ұлттық тағамдардан дәм татқызып, үлкен концерт қоямыз. Биыл корейлердің төрт ұрпағы болды. Сондай-ақ, Алматы, Тараз, Екібастұз қалаларынан қонақтар келді, – деді Людмила Пак.

Қоғамдық мүшелерінің қариялары Чхусок мерекесінде жиналып, табиғатқа серуенге шықты. Олар өзара конкурстар мен жарыстар өткізіп, корей тағамдарын дайындау бойынша шағын шеберлік сабақтарды жүргізеді.  

Корей мен қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының ұқсастығы

Қазақтар мен корейлердің этногезінде бірқатар ұқсастықтарды байқауға болады. Кореяда біздің еліміздегідей отбасы институтын бағалайды және үлкендерге үлкен құрметпен қарайды. Корейлер барлық мерекелерді отбасымен бірге атап өтеді. Посткеңестік корейлер шекаралас елдердің әдет-ғұрыптарына еліктеген. Ал Корей Республикасында қалыс қалған дәстүрлер әлі де сақталған.

– Мысалы үйде нәресте туған кезде бұл жаңалықты хабарлау үшін ежелгі әдемі дәстүр бар. Бала туылған кезде кіреберіс қақпаның үстіне қарағай, көмір және қызыл бұрыш бұтақтары бекітілген сабан арқан ілінеді. Егер үйде қыз туса, онда арқаннан тек қарағай мен көмірдің бұтақтарын көруге болады. Осылайша, барлық туыстары мен көршілері үйде бала туылғанын біледі, – деп бөліседі Людмила Пак.

Қазақтарда бала бір жасқа толған кезде оның тұсауын кеседі. Корейлерде де ұқсас «асянди» деп аталатын дәстүр бар. 

– Ұлдар мен қыздарға арналған белгілі бір заттар үстелге қойылады.  Ұлдар үшін әдетте күріш, ақша, кітаптар, қалам, қағаз шиыршықтары, ату садақтары, безендірілген қанжар, иірілген жіптер қойылады. Қызға тізімделгендердің нәрселерден бөлек тігуге қажетті керек-жарақтары: қайшы, сызғыш және басқа да заттар ұсынылады. Содан кейін бала зат таңдап, болашақтағы тағдырын болжайды. Дегенмен отбасы қандай зат қоятынын өздері шешеді, – деді  Людмила Пак.

Оның пікірінше, «Somang» облыстық корейлер қауымдастығы  корей мәдениетіне, тағамға, телехикаялар (дорама) деген қызығушылық танытуымен ерекшеленеді.

– К-рор топтары бүкіл әлемге танымал, бұл би бағыты бізде де даму үстінде. Біз жыл сайын жазғы және қысқы К-рор фестивальдерін өткізіп тұрамыз, – деді қауымдастықтың басшысы.

Жалпы бірлестіктің мақсаты – корей халқының өзіндік мәдениетін, салт-дәстүрлерін жаңғырту, корей диаспорасын қазақстандық қоғамның қоғамдық-саяси тұрақтылығын, Қазақстан халықтарының бейбітшілігі мен достығын нығайту жөніндегі белсенді жұмысқа тарту болып табылады.