Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қақты

Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қақты
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қаңтарда Ак.Шөкин көшесі, 36/1 мекенжайындағы көлік тұрағында «Нексия Равон Р3» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Тексеріс жүргізілуде. Көлік айып тұрағына қойылды.