Павлодар облысында қоғамдық орында мас жүрген бес мыңнан астам адам жазаланды

Павлодар облысында қоғамдық орында мас жүрген бес мыңнан астам адам жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында полиция қызметкерлері алкогольге қарсы заңнаманың сақталуына ерекше назар аударуда.

Жыл басынан бері өңірде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені немесе мас күйінде жүргені үшін 5467 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «102» арнасына тұрғындардан күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері бойынша хабарламалар түседі.

Мәселен, Н. Назарбаев көшесінде тәртіп сақшылары көпқабатты үйдің кіреберісі алдында қатты мас күйінде ұйықтап жатқан ер адамды анықтаған. Ал Қайырбаев көшесінің тұрғындары подъезд маңында ішімдік ішіп отырған екі адамға қатысты шағымданған.

Құқық бұзушылардың барлығы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді.

Полиция алкогольдік масаң күй адамның өз әрекетін бақылауын қиындатып, айналасындағыларға қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды заң талаптарын орындауға және қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауға шақырады.