Павлодар облысында қоқыс тастағандарға жаза қатайтты

Бұл заңнамалар қоқысты арналмаған орындарға шығаратындарға қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Экологиялық кодекске өзгертулер енгізілді. Заңсыз полигондарды құруға қатысты үш тармақ күшейтілді. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Ахмет Сыздықов мәлім етті.
Егер бұрын тәртіп бұзғандар аз мөлшерде – 184 000 теңгеден 369 200 теңгеге дейін айыппұлмен жазаланса, енді тек ең төменгі айыппұл 369 200 теңгені, ал ең жоғарысы 3 692 000 теңгені құрайтын болады. Заңды қайталап бұзған жағдайда айыппұл екі еселенеді. Жыл басынан бері департамент ешкімге жаза қолданбаған.
Экологиялық кодекс жеке ұйымдарға қалдықтарды құрылыс немесе жөндеу жұмыстары жүргізілетін жердің жанында алты ай бойы сақтауға рұқсат береді.
– Бірақ, заң бойынша, осы мақсаттарға құрылыс компаниясына қоқыс салатын жер бөлек бөлінуі керек. Бірақ жарты жыл ішінде бұл қалдықтарды заңды қоқыс үйінділерге шығару керек, – деп атап өтті эколог.
Ахмет Сыздықов экология департаменті Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жұмыс істейті туралы атап өтті.
– Біз қандайда да бір кәсіпорынға келіп ескерту жасай алмаймыз, өйткені бұл кәсіпкерлік қызметке араласу болып саналады. Сондықтан біз полициямен бірге жұмыс істейміз, – деп түсіндірді спикер.
Құқық қорғау органдарымен бірлесіп рейдтік шараларды жалғастыруда. Келесі сапары Тереңкөл өңіріне жоспарланған.