Баянауыл суларында ластану анықталған жоқ

Баянауыл суларында ластану анықталған жоқ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл су сынамалары үш рет алынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүл туралы Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков Instagram парақшасында мәлімдеді. Сынамалар 10 шілде күні алынды.

– Зерттеулер нәтижесінде Жасыбай, Торайғыр және Сабындыкөл көлдерінен ластану фактілері анықталмады. Бұл дегеніміз Баянауыл суларында шомылу әрі демалу қауіпсіз, – деді ол. 

Қанат Мұсапарбеков су сапасын тексеру жалғасатынын атап өтті.

Бұған дейін сынамалар шомылу маусымы басталмай тұрып тексерілді. Екінші рет жазғы демалыстың нағыз қызған шағында алынды. Үшінші рет суды демалыс маусымы аяқталған соң зертханаға жібереді.

Ислам Достов