Павлодар облысының құтқарушылары Ұлттық киім күнін атап өтті
Қыздар бұрымдарын өріп, этно-стильдегі әшекейлер мен шашбауларды тақты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметкерлер келіп жеткен Наурыз мейрамы қарсаңындағы өзіндік қасиетке толы Ұлттық киімдер күнін жақсы қөңіл-күймен қарсы алып, барынша ат салысты.
– Азаматтық қорғау қызметкерлері дәстүрлі ұлттық нақыштағы өрнектер мен бөлшектерге толы кәмзолдар, қазақша стильдегі желеткелер мен шапандар киді, – делінген хабарламада.
Ұлттық тағамдар да дастарханға жайғасты. ТЖД қызметкерлері өздері дайындаған дәстүрлі бауырсақтар мен самса әкеліп үстелге орналастырды. Іс-шараны домбыраның дыбысымен сүйемелдеп, нағыз мереке сезімін сыйлады.
«Ұлттық киім күні» – бұл өз даралығын білдіруге, Қазақстанның бірлігі мен мәдени мұрасын қолдауға зор мүмкіндік беретіндігін тарихи күн.
Посмотреть эту публикацию в Instagram