Қазақстандық жастар павлодарлық рэперді таңдайды

Қазақстандық жастар павлодарлық рэперді таңдайды
Фото: The Flow

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының ойыншылары музыкалық талғамдарымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі ресми аккаунтында 21 жасқа дейінгі ұлттық құрама ойыншылары өздерінің қандай әндерді сүйетіндігі туралы видео жарияланды. Мәселен, «Жетісудың» жартылай қорғаушысы Давид Есімбеков Don Miguelo – Y Que Fue әнін таңдаса, оның клубтасы Сұлтан Асқаров Truwer лақап атымен танымал павлодарлық рэпер Саян Жиембаевтың композициясына басымдық берген. Жастар құрамасының қорғаушысына «Канцлер» трегі ұнайтыны белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)

Truwer Павлодарда дүниеге келген. Музыкадан бөлек ол кекушинкай-каратэмен айналысқан, Қазақстан чемпионаттарында бірнеше рет жеңімпаз атанған. Алайда турнирлердің бірінде жарақат алып, спорттан кетуге мәжбүр болды.

Кейін Саян Жиембаев Әділ Жәлеловпен (Скриптонит) кездесті. Оның музыканы негізгі кәсібі ретінде таңдауына осы танысу әсер етті.

Өткен жылы Трувер Павлодар орталық стадионында Қазақстан Премьер-лигасының «Ақсу» - «Ақтөбе» матчының алдында, ал биылғы жылдың басында «Астана» мұз айдынында өткен бокс кешінде өнер көрсетті.