Павлодарлық оқушылар «Taqıa Fashion week» гранд-дефилесіне қатысты
Шараға Павлодар облысынан 200-ге жуық оқушылар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының Оқушылар сарайында Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында «Қош келдің - әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті.
Шеберлік сабақты өткізген Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназиясының «Кәусар бұлақ» әжелер мектебінің төрайымы, «Нұр-Ана әлемі» лигасының мүшесі Сұнгатова Ғалия Балтабайқызы. Іс-шараның құрметті қонақтары ақын, журналист Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Шолпан Байғалы және «Нұр-Ана Әлемі» лигасы мүшелері болды.
Қол өнерші Ғалия апай трендке айналған тақияларды тігіп көрсетіп қоймай, оның пішудің жолдарын, тақияны сәндеп безендіруді, ұлттық киімдердің шығу тарихын, тақияны киюдің жолдарын үйретті.
Апталық шеберлік сыныптардың қорытындысы Оқушылар сарайының алаңында бас киімдер көрсетілім-дефиле түрінде болды. Әр мектептен 5 қыз бала қатысып, олар өз қолдарымен тігілген бас киімдерді киіп, ұлттық костюмдерін де көрсетіп дефилеге шықты.
- Тақия кию қазақ қыздары арасында трендке айналып келеді. Соңғы кезде көшеде қазіргі заманға лайықтап, минимализм стилімен тігілген тақия киіп жүрген қыз-келіншектерді жиі кездестіруге болады. Еліміздің ертеңі жас буынның қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз, - әдіскер дейді Асем Аипова.
Сонымен қатар Наурыз мерекесін тойлау аясында оқушылар сарайының көркемсурет бөлімінің домбыра, вокалдық және хореографиялық ұжымдары концерттік бағдарламалар көрермен назарына ұсынылып, балаларға арналған "Асық party", "Тоғыз құмалақ", "Арқан тарту" көңілді ұлттық ойындарымен жалғасын тапты.