Павлодарлық музейге жаңа басшы тағайындалды

Павлодарлық музейге жаңа басшы тағайындалды
Фото: Константин Шелков

Жаңа басшы «Қарулы күштердің ардагерлері» бірлестігінің мүшесі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің мәліметінше, Әскери Даңқ музейінде жаңа басшы, подполковник Ысқақов Абай Манатұлы тағайындалды. 

– Жаңа жұмыс жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер әкеледі деп үміттенеміз, – деді музей қызметкерлері әлеуметтік желіде. 

Абай Манатұлы Львов жоғары әскери-саяси училищесін «Мәдени-ағарту жұмысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар филиалы төрағасының орынбасары.