Павлодар облысының әкімі еңбек демалысына шықты

Павлодар облысының әкімі еңбек демалысына шықты
Фото Валерия Бугаева

Асайын Байханов жедел көмек алудың қосымша мүмкіндіктері туралы айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы Instagram парақшасында хабарлады.

– 15 маусым мен 2 шілде аралығында еңбек демалысында боламын, оны отбасыммен, туыстарым мен достарымның арасында өткіземін. Осы уақытты сауықтыру және облысымыздың игілігіне жұмыс істейтін жаңа жобаларға арнауды жоспарлап отырмын. Мен болмаған кезде Павлодар облысының қалалары мен аудандары әкімдіктерінің ресми парақшалары арқылы хабарласа аласыздар, – деп жазды.

Басылымға жазылған түсініктемелерде әр аккаунт қай аудан немесе қала әкімдігіне тиесілі екені көрсетілген ресми аккаунттардың тізімі берілген.