Павлодарда 5 қазан күні Хромзауыт ауданында жарық болмайды

Павлодарда 5 қазан күні Хромзауыт ауданында жарық болмайды
Фото: Константин Шелков

Электр желілерінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 5 қазан күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін электр энергиясы бірқатар мекенжай бойынша өшіріледі.

Атап айтқанда, Хромзауыт және ағаш кесу зауыты ауданындағы Батурин көшесі, 2-9, Химиктер көшесі, 1-10, Арғынбаев көшесі, 16-20 мекенжайы бойынша тұрғын үйлерде жарық болмайды.