Павлодарлық жасөспірімдер теміржол доңғалақтарын шығаратын кәсіпорынға барды

Тоғызыншы сыныптарының оқушылары зауытқа қандай мамандар қажет екенімен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, Екібастұз қалалық филиалы мен Қазақстандағы тұтас илектелген теміржол доңғалақтарын шығаратын жалғыз кәсіпорын балаларға экскурсия ұйымдастырды.
Компанияның бас директоры Иван Дычкоға зауытта экскурсия өткізуге жәрдемдесу туралы өтінішпен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Медиат Мұсанап жүгінген.
– 2025 жыл Қазақстан Президентімен Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды. Сондықтан біз кәсіпорыннан № 36 мектеп-лицейдің тоғызыншы сыныптарының 26 оқушысына осы қызықты өндірісті көрсетуді сұрадық, – деді Медиат Мұсанап.
Оқушыларға зауытқа қажет мамандар, өндірілетін және сатылатын өнім туралы айтып берді.