Павлодар облысының әкімі зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтады
Аймақ басшысы ізгі тілегін Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- 1 қазан күні атап өтілетін мерекені даналық пен құрмет күні деп атар едім. Қарттар күні - ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің мерекесі, біз оларға махаббатымызды, ризашылығымызды және қамқорлығымызды көрсететін күн, - деп жазды Асайын Байханов парақшасында.
Сондай-ақ аймақ басшысы аға буын өкілдері облыстың қалыптасуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.
- Олар қалалар салды, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытты, бізге білім беріп, тәлім-тәрбиесін бойымызға сіңірді. Бүгінде олар білімдері мен ақылдарын бөлісіп, өңіріміздің дамуына үлес қосуды жалғастыруда және нағыз патриоттарды тәрбиелеудің жеке үлгісін көрсете білуде, - деді облыс әкімі.
Асайын Байханов ақсақалдарымызға шын жүректен мықты денсаулық, сарқылмас қуат пен жігер тіледі.