Мыңдаған павлодарлықтардың өмірін құтқарған дәрігер дүниеден озды
Ол күйік ауруын емдеудің заманауи әдістерін енгізумен айналысқан еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Марат Қанжығалин – Павлодар облысының көрнекті дәрігер-комбустиологы болды. Ол өз өмірін ауыр күйіктері бар науқастарды құтқаруға арнады. Оның кәсібилігі мен адалдығының арқасында мыңдаған адамның өмірі сақталды. Ол аймақ медицинасының дамуына елеулі үлес қосып, жас мамандарды оқытумен және күйік ауруын емдеудің заманауи әдістерін енгізумен айналысты.
– Оның бақилық болғаны туралы хабар бүкіл медициналық қауымдастығына ауыр тиді. Дәрігер әріптестерінің, достарының және пациенттерінің жүрегінде мәңгі қалады,– деді №1 қалалық ауруханада.
Марат Қанжығалин өзінің жұмысы үшін Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен, жоғары кәсіби жетістіктері үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталып, Павлодар облысының медицинасына сіңірген еңбегі үшін жергілікті билік органдарының наградаларын алды.