Қанша павлодарлық көлік жүргізушіге қысқы дөңгелек үшін айыппұл салынды?

Жүргізушілерді көктемнен бастап жазаға тартылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Көктайғақ маусымы аяқталып, жазғы дөңгелектерге көшу кезінде полицейлер шиналарды уақытында ауыстырмаған көлік иелеріне айыппұл сала бастауы мүмкін.
Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының бесінші тармағына сәйкес автокөліктің иесіне 19 660 теңге айыппұл салынады, ал бір жылдың ішінде бұзушылықты қайталағаны үшін – 78 640 теңге.
– Жүргізушілер жазғы дөңгелекке көшкен бері Павлодарда бүгінгі күнге дейін 300 жүргізуші жазаланды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
«Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Көлік құралдарының техникалық регламенті қыста жазғы шиналарды және жазда тікенекті шиналарды пайдалануға тыйым салады.
Сонымен қатар шиналардың протектор тереңдігіне, яғни дөңгелектердегі рельефтік үлгіге шектеу енгізеді. Құжатқа сәйкес, жазғы шиналардың протекторының тереңдігі кемінде 1,6 миллиметр болуы керек.