Павлодарда хостелде электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алды

Павлодарда хостелде электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт сөндірушілер жедел жетіп, ғимаратты тексеріп шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабар 12 ақпан күні сағат 23:40-та түскен.

– Өрт сөндіру бөлімшелері Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі хостелде электр сымдарының қысқа тұйықталуы туралы хабарға жедел әрекет етті. Оқиға ғимараттың дәлізінде орын алған, алайда өрт тұтанған жоқ. Өрт сөндірушілер дереу ғимаратты тексеріп, өрт қаупінің жоқтығына көз жеткізіп, алдын алу шараларын жүргізді, – делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының нәтижесінде өрттің таралуына жол берілмей, оқиғаның ықтимал салдары барынша азайтылды.