Павлодар-Семей-Қалбатау күре жолы ақылы болды

Павлодар-Семей-Қалбатау күре жолы ақылы болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгін, 8 қазаннан бастап ақы алу жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

 «ҚазАвтожол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдары ұлттық операторының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес 8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды. Бұл жол учаскелерінде ақы алу жүйесін енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті. 

Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни:

2023 жылғы 9 қазанда «Бейнеу-Ақжігіт»;

2023 жылғы 10 қазанда «Орал-Самара»;

2023 жылғы 14 қазанда «Павлодар-Омбы»;

2023 жылғы 16 қазанда «Көкшетау-Петропавл» күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.

Сонымен қатар «Орал-Саратов» жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр. 

Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді. 

  • Жеңіл көліктер – 0 тг/км (босатылған);
  • 16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км;
  • 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км;
  • 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне  – 15 тг/км;
  • жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/км;
  • жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.

Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады. 

Абоненттік төлем туралы толығырақ ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.