Павлодар қаласына қарасты ауылда жеке тұрғын үй құрылысына жер беруді қарастыруда

Павлодар қаласына қарасты ауылда жеке тұрғын үй құрылысына жер беруді қарастыруда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала әкімі құрылыс бөліміне бұл сұрақпен айналысуды тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Хасар Хабылбеков Кенжекөл ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесуін өткізді. Қала әкімі ауыл тұрғындарын есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмысы туралы хабардар етті.

– Ауыл тұрғындары жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін бөлу мәселесін бірнеше рет көтерген. Қазір Байдала ауылында үш мыңнан астам бос жер телімі бар. Құрылыс бөліміне осы ауылдың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салудың құжаттамасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырдым,– деп жазды қала әкімі өзінің жеке парақшасында. 

Оның сөзінше, биыл ЖТҮҚ-1А аумағында 12 тірек орнатылып, 600 метр электр желісі тартылды. Қалған абоненттерді қараша айының соңына дейін қосу жоспарлануда. Барлық инженерлік желілер тартылған соң көшелерді асфальттау жұмыстары басталады. Оған қоса дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Келесі жылы спортшыларды тасымалдау үшін шағын автобус алынатын болады.

Хасар Хабылбеков кездесу барысында тұрғындарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, бөлім басшыларына азаматтардың мәселелерін заң аясында шешуге көмектесуді тапсырды.