Екібастұзда мамыр айында 180 отбасы жаңа қоныс тойын тойлай алады

Қалада бес қабатты үш тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы шаһар басшысы Аян Бейсекин өзінің Instagram-парақшасында мәлім етті.
– Соңғы бірнеше жылда облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен бюджеттік және жеке инвестициялар есебінен 250 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылдың тамыз айында қаламыздың 2 шағын ауданында бес қабатты үш үйдің құрылысы басталды. Нысанға барып, мердігер ұйымның, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау мамандарының есебін тыңдадым. Мердігерге қолайлы ауа-райының басталуымен аумақты абаттандыруға кірісуді, авторлық және техникалық қадағалау мамандарына күн сайын нысанда болуды тапсырдым. Осы үш объектідегі құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі ‒ ағымдағы жылдың мамыр айы, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Үйлердің құрылысы аяқталғаннан кейін, пәтерлер кезекте тұрғандарға жеңілдетілген кредиттік бағдарламалар аясында ұсынылатын болады. Бұл шара 180 отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қала әкімінің айтуынша, тұрғын үй жобаларының іске асуы тұрақты бақылауда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram