Павлодарда тағы бір шусыз өткел орнатылды

Павлодарда тағы бір шусыз өткел орнатылды
Фото: Константин Шелков

Назарбаев - Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жол учаскесі жөнделді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласының трамвай басқармасы мәлім етті. 

– Бұл күрделі жұмыс процесі болды. Мамандар тәулік бойы жұмыс істеді, – деп атап өтті басқармада. – Павлодарлықтардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін тағы бір шусыз трамвай өткелі салынды.

Айта кету керек, Назарбаев-Торайғыров көшелерінің қиылысы облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша жөнделді. Аймақ басшысына тұрғындар осы қиылысқа қатысты бірнеше рет өтініш жолдаған.