Екібастұзда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының іске асырылуы қадағаланды

Екібастұзда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының іске асырылуы қадағаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл жобаларға 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекин өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

– Былтыр қала тұрғындарының белсенді қатысуымен бұл байқауда тоғыз жоба жеңімпаз атанған болатын. Оның ішінде жеті балалар ойын алаңы мен екі спорт алаңы бар. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобаларына қалалық бюджеттен 320 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазіргі таңда барлық жұмыстар аяқталуға жақын, – делінген хабарламада.

Қала әкімі әріптестерімен бірге жүргізілген жұмыстардың сапасын тексеріп, кейбір кемшіліктерді анықтаған. Алайда, олар елеулі емес.

Аян Бейсекин мердігер ұйымдарға табылған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды. Сонымен қатар, кепілдік міндеттемелер аясындағы жауапкершілікті ескертті.

Жұмыстар толық аяқталған соң, жүргізілген істерге бақылау тексерісі жүргізілетін болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аян Бейсекин (@abeysekin)