Павлодарда қағазсыз өтетін форумда экология талқыға салынбақ
Оған кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
6-7 қыркүйек күндері Павлодарда «Қолайлы қоршаған орта құрудағы азаматтық қоғамның рөлі» форумы ұйымдастырылады. Бұл туралы облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Әзілхан Әбеуов хабарлады. Мақсат – экологиялық жағдайды жақсартуға арналған ұсыныстарды пысықтау.
Тақырыпты Павлодар облысының Азаматтық Альянсының төрайымы Светлана Могилюк әрі қарай өрбітті. Оның сөзіне қарағанда, форум ауа сапасы, көгалдандыру және климаттың өзгеруіне қарай бейімделу мәселелері бойынша үш бағытқа бөлінбек.
- Форум жұмысына барлық адам қатыса алады. Сонымен қатар ZOOM арқылы да қосылуға болады. Көршілер өңірлерден қоғамдық қайраткерлер келеді деп жоспарлануда, - деді Светлана Могилюк.
Светлана Могилюк айтып өткендей, форумда қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылады. Форумның өзі экологиялық стандарттарға сай өткізілмек: құжаттар қағаз жүсінде емес, электрондық форматта толтырылады, пластикті пайдалану да шектеледі.
Қатысушылардың ұсыныстары орталық деңгейге – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданады.
Форум 6 қыркүйекте сағат 09.30-да Достық үйінде басталады. Қатысу үшін онлайн-тіркеуден өту керек.
Фото: автор