5 қыкүйекте Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады
Облыстың шығысында күн күркіреп, найзағай ойнайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында жаңбыр жауады.
Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +9...+14, күндіз +14...+19 жылу градус жылы болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +16....+18 градус жылы болады.