Жетекші ауылының маңында қайтадан қоқыс үйіндісі пайда болды

Жетекші ауылының маңында қайтадан қоқыс үйіндісі пайда болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өткен жылы ол жойылатын болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының экология департаменті Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы және полиция қызметкерлерімен бірлесіп Павлодар қаласында рейд жүргізді.

Тексеріс барысында Жетекші ауылына барар жолда заңсыз қоқыс үйіндісі табылды.

– Былтыр дәл осы жерде қоқыс үйіндісі болған, әкімдік оны жойды. Биыл да біраз уақыттан кейін сол жерде тағы да қоқыс үйіндісі пайда болды. Полигонның координаттарын жергілікті атқарушы билікке аумақты тазарту үшін тапсырдық. Керекті шара қолданылмаса, кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға мәжбүр боламыз, – деп түсіндірді қоршаған ортаны қорғау бөлімінің инспекторы Руслан Темірболатов.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 344-баптың 2-1-бөлігімен толықтырылды. Жаңа бөлігінде қалдықтарды арнайы бөлінген орындардан тыс, көлік құралдарын пайдалана отырып шығарғаны үшін 393 200 теңгеден 3003 200 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, облыс тұрғындары қоқыс мәселесі бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне, 109 нөміріне хабарласып, немесе @TazaQazBot телеграм ботына, экология департаментінің әлеуметтік желілеріне хат жазу арқылы шағымдана алады.