Екібастұздықтарға 10 мамырда көшеге шықпауға кеңес беріледі

Екібастұздықтарға 10 мамырда көшеге шықпауға кеңес беріледі
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Қазіргі уақытта қала ауа сапасының көрсеткіштері бойынша сары деңгейде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлемдегі атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін швейцариялық «IQAir» компаниясы Екібастұзда ауа сапасын 58 AQI⁺ деңгейінде бағалайды. Бұл – қаланы сары рейтингке қосқан орташа көрсеткіш.

– Қазіргі таңда PM2.5 концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейден 2,6 есе жоғары, аталған концентрация бір текше метрге 13,1 микрограммды құрайды, – дейді компания сарапшылары.

«IQAir» 10 мамыр күні ашық ауада физикалық белсенділікті азайтуды, терезелерді жабық ұстауды, ауа тазартқыштарды пайдалануды және далада бетперде тағуды ұсынады.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, алдағы аптаның соңына қарай ауа бұрынғыдан да лас болар.

Айта кетейік, PM2. 5 бөлшектері – ауадағы қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ең кішкентай тамшылары (диаметрі 10 нм-2,5 мкм).