Павлодарлық оқушылар гүлдер мен жиһаздарға екінші өмір сыйлады
Жас өнершілер қаланың экологиялық мәселесіне назар аудартқысы келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, қалалық білім бөлімі балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығы бірлесе отырып, «ЭКО айналым» атты экологиялық ассамблеяж өткізді.
Бұл мерекеге орталықтың 80-нен астам оқушылары мен қалалық мектептерден 1 - 10 сынып оқушылары қатысты.
– Қатысушыларға Павлодар қаласының эмблемасын, Trash-art жасау әдісінде шеберлік сағаты өткізілді. Шығармашылық жұмыс үшін жаңа өскен гүлдер, бұтақтар, кептірілген гүлдер, үй тұрмысында қажетсіз қалған заттар: ыдыс-аяқтар, жиһаздар, бөтелкелер, қақпақтар пайдаланылды, – делінген хабарламада.
Жұмыс барысында қатысушылар 10-нан астам шығармашылық бұйымдар жасады. Барлық композициялар «Аралар тобы», «Изумруд қала», «Ескі заттарға екінші өмір» орталық аумағында орналасатын болады.
Экологиялық ассамблеяждың мақсаты –патриоттық және экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаға қамқорлық таныту, тазалықты сақтау, ресурстарды үнемдеу, оларды тиімді тұтыну, азаматтардың назарын жаһандық қоқыс мәселесіне көңіл аударту.
Фото: Павлодар облысының білім беру басқарамасы ұсынды