Павлодарда Қала күніне байланысты автобустардың жұмыс уақыты ұзартылды
Мерекелік іс-шараларға байланысты қоғамдық көліктің жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 25 шілдеде Ertis Promenade алаңында өтетін мерекелік бағдарламаға байланысты Сәтбаев көшесі арқылы қатынайтын автобус бағыттарының жұмысы 26 шілде сағат 01:00-ге дейін ұзартылады.
Еске сала кетейік, қала күніне арналған мерекелік бағдарлама 25 шілде күні таңертең Ертіс жағалауында өтетін шахмат турнирімен басталады. Сол күні кешкі сағат 19:00-де Ertis Promenade сахнасында ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылады. Концерттің хедлайнерлері қатарында қазақстандық әншілер Диана Исмаил мен Ильхан, «Ирина Кайратовна» тобы, сондай-ақ ресейлік әнші МакSим және румыниялық «Fly Project» тобы бар. Кеш дәстүрлі мерекелік отшашумен аяқталады.
Мерекелік іс-шаралар 26 шілдеде де жалғасады. Ertis Promenade алаңында Counter-Strike турнирінің шоу-матчы және финалдық кездесулері өтеді.