Павлодар ауданында көпбалалы ана марапатталды

Павлодар ауданында көпбалалы ана марапатталды
Фото: Константин Шелков

Өткен жылы Каспаровтар отбасында алтыншы бала дүниеге келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

Павлодар ауданының әкімі Николай Дычко «Күміс алқа» төсбелгісін Қаратоғай мектебінің мұғалімі, көпбалалы ана Айнаш Капсатоваға табыс етті. 

Айнаш Баянауыл ауданында дүниеге келген. 2011 жылы жолдасымен бірге Павлодар ауданына  қоныс аударған. 

– Менің күйеуім – Заря ауылының тумасы. Сол себепті, біраз уақыт сонда үй жалдап тұрдық. Әрдайым өз үйіміздің болғанын армандадық. Көп ұзамай Новоямышеводан балаларымызбен және ата-анамызбен бірге тұратын үй сатып алдық, – дейді батыр ана.

Бүгінде ауыл тұрғынының үлкен қызы Астанада жұмыс істейді. Кіші балаларды тәрбиелеуге ерлі-зайыптылардың ата-аналары көмектеседі.